Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайваньда ер адам 4 жасар қызды пышақтап, басын кесіп алды

Тайвань аралында ер адам Тайбэй қаласының метрополитен стансасының маңында асүй пышағымен төрт жасар қыздың басын кесіп алды.

47f99f5dcfa3c1e9add94d8646742d2a

Сурет: www.sb.by 

Оқиға 28 наурыз күні болған. Бүлдіршін анасымен серуендеп, велосипед мініп жүрген. Үйінен пышақ алып шыққан ер адам қыздың жанына келіп бірнеше рет пышақтаған. Кейін басын да шауып алған.

Бүлдіршіннің анасы бастапқыда оны тротуарда велосипеді тұрып қалған қызына көмектесіп жатыр екен деп ойлаған, алайда көз алдындағы сұмдықты көрген әйел дереу көмек шақырып, айқайға басқан.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстап, қамауға алып кетті. Тергеу барысында оның есірткіге тәуелді екені анықталды және оның марқұм қыз бен оның отбасын танымайтындығы да белгілі болды. Бұған қоса полицейлер қылмыскердің екі жыл бұрын психиатриялық клиникада емделгенін, алайда 2 тәуліктен кейін шығарылғанын да анықтады.

Талқылау