Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайваньда әйелдер туфлиі пішінінде шіркеу салынды (фото)

Тайваньда ертегідегі Күлше қыздың хрусталь туфлиіне ұқсас ғимарат салынды. Бұл – шіркеу, деп жазды moya-planeta.ru.

20160117073052

Нысанның биіктігі – 16,7 м, ені – 10 м. Ғимарат көк шынының 320 бөлшегі жұмсалған. Құрылыс 686 000 долларға салынған. Шіркеу 8 ақпанда, Қытай жаңа жылы тойланған кезде ашылмақ.

Билік өкілдерінің сөзіне қарағанда, шіркеу жиі пайдаланылмайды. Мұнда неке қию рәсімі өткізіліп, тойға дейінгі суретке түсу салтанатты шаралары өтеді. Билік осылайша туристтерді қызықтыруды жоспарлап отыр.

Шіркеу интерьері қыздарға арнап құрастырылды. Мұнда ғашық жандарға арналған орындар болады, сонымен бірге, келушілерге печенье мен торт ұсынылмақ.

туфли

Шіркеудің ерекше пішіні тарихқа байланысты. 1960 жылдары Тайваньда тегі Ван есімді 24 жастағы қыз болған. Ол «қара табан» ауруынан зардап шеккен. Оның аяғын кесуге мәжбүр болды, сол себепті тойы да болмады. Ол өмір бойы күйеуге шықпай, шіркеуде қалған. Туфелька-ғимараты соған арналған, деп хабарлады BBC.

 

Талқылау