Тайсон Фьюри Кличкодан тартып алған IBF титулынан айырылды

Сәрсенбі, 9 Желтоқсан , 2015 10:23

Британдық боксшы Тайсон Фьюри ХБФ (IBF)  тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды. Бұл туралы IBF  бойынша чемпиондық айқастарды өткізу комитетінің төрағасы Линдси Такер  мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

20151209094014

«Фьюри IBF титулына үміткер Вячеслав Глазковпен жекпе-жек өткізуі тиіс болатын, алайда оның орнына боксшы Владимир Кличкомен қайта айқасуға келіскен», – деп түсіндірді Федерация шешімін Такер.

27 жастағы Фьюри IBF тұжырымы бойынша чемпион атанғанына екі апта ғана болғаны атап өтіледі. 6 желтоқсанда Фьюри спортшылар арасындағы қарымта кездесуде украиндық боксшыны тас-талқан ететінін мәлімдеді. 2 желтоқсанда Кличко келісімшарттағы опцияны пайдаланып, 2016 жылы Фьюриге қарсы қарымта кездесу өткізетінін айтқан болатын. Жекпе-жек мамыр немесе маусымда өтуі мүмкін. Фьюри 29 қарашаға қараған түні Кличкодан басым түсіп, IBF, IBO, WBO және   WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын еншілеген еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар