Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайлық трансвестит қазақстандық полицеймен жақындаспақшы болған

33 жастағы Әсет Сарғазы түнгі уақытта Паттайа көшелерінің бірімен дәріханаға барады. Сол сәтте ұзын бойлы, әйел көйлегін киген жігіт бұған жақындап, әмиянын ұрлап кеткен. Таиландқа демалуға барған қазақстандық полицей осылайша 10 мамыр күні тонаушылықтың құрбаны болған.

тайлықққ

Бұл туралы 7news.kz  хабарлайды.

33 жастағы Әсет Серғазы тай еліне анасымен бірге барыпты. Түнде анасы аздап ауырыңқырап, сосын дәрі алып келуге шыққан екен.

Әсет Серғазыға жақындаған ер адамның бойы шамамен 180 см шамасында болыпты. Алайда әйелдерше киініп алған. Бейтаныс адам қазақстандықты әңгімеге тартпақшы болыпты. Бірақ, полицей онымен әңгімелесетін сыңай танытпаған. Тайлық дөрекі әрекетке көшкен сәтте, қазақстандық та қарсылық танытады. Біршама ерегістен соң трансвестит оқиға орынынан тайып тұрған.

Ол кеткен соң, Әсет өзінің әмиянын ұрлап кеткенін бір-ақ біледі. Оның ішінде 4 мың бат болған екен. Жергілікті полицейлер қазақстандық азаматтың түсініктемесін жазып алған.

Әсет Серғазы полицейлер күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы тауып алады деп үміттенеді. Оқиға демалыс күндері болғанына қарамастан, Әсет пен анасының демалу жоспары орындалмады. Қазақстандық отбасы 14 мамырда елге оралмақ.

Талқылау