Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайландта такси жүргізушісі жолаушыға көлікте ұмыт қалдырған әмиянын қайтарды

Тайлық Накхонратчасима  провинциясынан 62 жастағы такси жүргізушісі Вимол Трипат көлік салонында ұмыт қалдырған 20 мың долларын клиентке қайтарып берді.

image

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Дэвид Коллинсон  ақшаны жұбайына беру үшін  Австралиядан Бангкокқа ұшып келген. Ол әуежайдан Мор Чит автовокзалына дейін жеткізу үшін мистер  Трипатты жарты күнге жалдаған. Австралиялық үйіне жеткен кезде ол конвертпен ақшаны көлікте ұмытып кеткенін бір-ақ білген.

Адал жүргізушінің айтуынша, Коллинсоннан кейін ол тағы бір клиент тасыған. Көлігін тексергенде, сол жақ орындықтан ақшаны көрген ол бірден иесіне қайтаруға асыққан. Такси жүргізушінің адалдығына таңданған Дэвид оған шағын сыйлық жасады, деп жазады life.ru.

Талқылау