Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта мерзімінен бұрын босанған ана санавиациямен Қазақстанға жеткізілді

Таиландта мерзімінен бұрын дүниеге келген нәресте санавиациямен Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлады.

6 қаңтарда Таиландта отбасылық демалыста жүрген ҚР азаматшасының мерзімінен бұрын толғағы басталған. 7 айлық сəби 1 кг 430 г салмағымен дүниеге келді.

«Барлық қажетті медициналық құжаттарды алғаннан кейін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық санитарлық авиация орталығымен» және ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, сәбиді жəне оның анасын Отанына тасымалдау процесін ұйымдастыра бастады», – делінген хабарламада.

Нәресте анасымен бірге 16 қаңтар күні Қазақстанға жеткізілді.

«Нəресте қыз анасымен бірге тасымалданды және стационар жағдайында бұдан əрі қажетті медициналық көмек алу үшін Алматы қаласының «Перинатология жəне балалар кардиохирургиясы орталығына» жатқызылды. Қазіргі уақытта, сəби орталықта дəрігерлердің қарамағында», – дейді баспасөз қызметі өкілі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, санитарлық авиацияның құрылған мерзімінен бастап, 5 жыл ішінде шет елден Қазақстанға ауыр халде болған 40 азамат тасымалданды. Жақын жəне алыс шетелдерден жасалған барлық медициналық тасымалдаулар республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Тағы оқыңыз:

Дәрігер: Трамп салауатты өмір салтын ұстанса, 200 жасқа дейін өмір сүреді

Ғалымдар мектеп бағдарламасынан «Қазақстан географиясы» пәнін таппай қалды

Балаларға мешіт, шіркеуге және діни шараларға ата-анасыз баруына тыйым салынуы мүмкін

Талқылау