Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайландта ішімдікке Red Bull араластырып ішкен британдық азамат көз жұмды

Демалыс күндерін достарымен Тайланда өткізгісі келген Ұлыбритания тұрғыны 29 жастағы Питер Никелсон конақүйде өлі күйінде табылған. Ол бір күн бұрын 36 сағат бойы 4 энергетикалық Red Bull, бірнеше самбук пен 20 бөтелке сыра ішкен екен.

20120118082240_2310_gallery8

Бұл туралы The Sun хабарлайды.

Виган қаласың инженері демалыс күнін атап өту үшін Бангкокқа ұшпай тұрып Манчестер ауежайында ішімдік іше бастаған. Ол Қатарда да виски мен коланы араластырып ішкен көрінеді.

Таңертен достары Николсонды оята алмай жатқанда қонақүйге полицейлер мен дәрігерлер келген. Тексеру кезінде оның 100 миллилитр қан құрамынан 341 микрограмм алкоголь бары анықталды.

Николсонның өліміне қатысты тексеруші Элисон Матчтың айтуынша, Red Bull ішімдігі оның масаймауына әсер еткен. Сондықтан Питердің өзі де, достары да оның қандай күйде екенін аңғара алмаған.

«Ол ішімдік ішкенді ұнататын. Бірақ, салынып ішпейтін. Өзін қалыпты формада ұстайтын. Арасында жүгіріп тұратын еді. Жыл сайын демалысын Тайландта өткізуді қалайтын», – дейді қайтыс болған азаматтың анасы.

Талқылау