Тайландта алып жылан өзін сүймек болған туристің мұрнын шағып алды (видео)

Сейсенбі, 12 Қаңтар , 2016 7:47

Ғаламторда Таиландтағы  шоудан үзінді бейнеленген видео қаралымы күрт артуда. Екі қызметкер көтеріп тұрған алып питон өзіне жақындаған көрерменнің мұрнынан тістеп алды.

20160111204622

Бұл туралы  newsru.com сайты хабарлайды.

The Phuket News басылымының жазуына қарағанда, бетінен жарақат алған келіншек ауруханаға түскен. Қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жақын арада ол емханадан шығарылады деп күтілуде.

Оқыс оқиға Пхукет аралындағы саябақтардың бірінде болған. 9 қаңтарда көрермендерге ұзын ала питонның қатысуымен шоу өткізілген. Бұл – әлемдегі ең ұзын жылан деп саналады.

29 жастағы қытайлық турист шоу кезінде жыланды сүю үшін еңкейгені видеода айқын көрініп тұр. Ала питон улы жылан емес. Бірақ дәрігерлер араша түспегенде туристің денсаулығына  айтарлықтай зардап келуі мүмкін екен. Дәрігерлер оның бетін бірнеше жерінен тіккен.

Зардап шегушінің емделу ақысын шоу ұйымдастырушылар өздері төлепті

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар