Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайландта қолға үйретілген піл британдық туристі таптап өлтірді

Тайландтың Самуи аралында піл экскурсия кезінде Ұлыбританиядан келген туристі таптап өлтіріп, өзіне қараушы қызметшіні жарақаттаған.

9539124

Сурет Қазақстан жаңалықтары сайтынан алынды.

36 жастағы Шотландия тұрғыны өзінің 16 жастағы қызымен “піл үстінде трекинг жасау” экскурсиясына қатысқан. Алайда, піл аяқ астынан ашуға мінген.

Гольф есімді піл оған дейін де өзімен бірнеше айдан бері жұмыс істеп жүрген үйретушісіне бағынбаушылық әрекеттер көрсеткен. Үйретуші оны тәртіпке келтіру үшін жануардың мойны мен денесін ұшталған ілгектермен ұрған. Піл бастапқыда оған бағынғандай болады. Алайда, ол арқасынан түсіп үстінде отырған туристерді суретке түсірмекші болғанда кенеттен тулап, оған азуымен соққылар жасайды.

Осыдан кейін піл үстіндегі шотландтық туристі таптап, азуымен кеуде, жүрек тұсынан ұрған. Ол мүгедек болғандықтан қаша алмаған. Ал, қызы шетке шығып үлгерген. Турист сол жерде көз жұмды.

Phuket News мәліметінше, оқиғадан екі күн бұрын пілдің күйлеп  жүргені анық болды. Мұндай кездерде пілдер осылай ашуланғыш келеді. Сондықтан оны жұмысқа жекпей, орманға жібереді.

Әдетте махут үйретушілер пілді кішкентай кезінен баптайды. Сондықтан оның барлық мінін, ерекшелігін, күйлейтін кезін біледі. Алайда, соңғы кездері піл лагерлерінің басшылары ондай тайландтық махуттардың қымбат бағаланатынына байланысты, Мьянмадан гастербайтерлер жалдайтын болған. Олар кіші кезінде өзге адамдар үйретіп өсірген, сырын білмейтін үлкен пілдермен жұмысты бастап кетеді.

Талқылау