Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайланд Қазақстанға 36 жастағы шымкенттік бизнесменді ұстап берді

Қазақстаннан тергеу барысында қашқан қылмыскер Тайландта жүрген жерінен ұсталды.

a8c984d4c63a527c581ed498289806c9

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасының сайтында жарияланған.

Тамыздың 5-і күні 36 жастағы шымкенттік азамат Тайландта жүрген жерінен құрықталып, Қазақстанға жіберілді. Марат Жұпқазиевтің үстінен осы уақытқа дейін іздеу жарияланған болатын.

Жұпқазиев бірнеше кәсіп ашып, салық төлеуден жалтарған. Мемлекетке шамамен 4 млрд теңге көлемінде (қазіргі бағаммен 11,5 миллион доллар) шығын әкелген. Дәл қазір кәсіпкер Алматы қаласындағы изоляторда отыр.

Мемлекеттік кіріс департаментінің сайтында “Жұпқазиев Марат Жамбылұлының ОҚО-да дүниеге келгені туралы жазылған: “Бұрын сотталмаған, тергеуден жасырынған, іздеу түрі – халықаралық. Қылмыстық кодекстің 215-бабы 3-бөлімі, 245-баптың 3-бөлімі, 262-баптың 1-бөлімі бойынша айыпты деп танылған” деп жазылған.


Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-дағы тәртіпсіздіктен соң Мақтаарал ауданының 34 тұрғыны ұсталды

Ақмола облысында зейнетке шығуына аз уақыт қалған шенеунік пара алып ұсталды

Алматыдағы теракті кезінде жалған ақпарат таратқандар ұсталды

Қызылорда облысында ауыл әкімі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Талқылау