Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таэквондошы Жансель Дениз халықаралық жарыста алтын жүлдені иеленді

Атыраулық таэквондошы Жансель Дениз Белградта өткен халықаралық жарыста жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Жансель Дениз

Сербия астанасы Белградта таэквондодан халықаралық жарыс өтті. Азиада ойындарының  күміс жүлдегері Жансель Дениз іріктеу кезеңінде испаниялық және сербиялық қарсыластарын жеңді. Ал жартылай кезеңде франциялық спортшы Маева Меллиермен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Жарыстың ақтық кезеңінде Жансель тағы бір франциялық спортшы Солене Абоулетпен күш сынасып, отандасымыз қарсыласын 5:3 есебімен жеңді.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Әр спортшы бұл жарысқа олимпиадалық көрсеткіште ұпайын жоғарылтау үшін келді. Мен 4 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеттім. Бұл жолы 73 келі салмақ дәрежесінде өз мүмкіндігімді байқап көрдім. Алтын жүлдеден бөлек, өз көрсеткішіме 10 ұпай қостым. Маған қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтамын», – дейді Жансель Дениз.

Айта кетсек, жарыстан кейін 108 ұпайға қол жеткізген Жансель Дениз әлемдік көрсеткіште 25-орынға жайғасты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау