Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таяуда ғана ректорлары Сапарбаевтан сөз естіген университеттерде шетелдік хеллоуин мерекесі дүркіреп өтті

Ақтөбедегі беделді оқу орындары дүркіретіп Хэллоуинді тойлады.

Көрнекі сурет

Қазақ-орыс халықаралық және Жұбанов атындағы өңірлік университеттерінің студенттері мұндай шараға дән риза екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жыл сайын қазанның 31 жұлдызында тойланатын мереке биыл да атаусыз қалмады. Білім ордаларында ұйымдастырылған шараларға жастар көп жиналды. Бет-ауыздарына бояу жағып, қорқынышты кейіпке енген жастар арнайы шоу бағдарлама жасап, соңы би кешіне ұласты.

Қазақ-орыс университетінің желідегі парақшаларында алдын-ала хабарландырулар ілініп, билеттер сатылымға шығарылған болатын. Студенттердің айтуынша, шараны жастар ісі жөніндегі комитет ұйымдастырған.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде мыңдаған адам әулие Матронаға сыйынып тілек тілеуде

Діни басқарма Алматы облысында жиырма жыл бұрын ислам дінін қабылдаған 82 жастағы әжейге үй сыйлады

Алматылық дәрігерлер сүт қоспасының сәби өміріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты

Талқылау