Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға миллионнан астам оралман келген

Жексенбі, 18 Маусым , 2017 10:18

2016 жылы Қазақстанға 16 мың оралман отбасы көшіп келген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 8 есе жоғары. Бұл туралы ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

20160805131829

Фото: ҚазАқпарат

Оралмандардың көпшілігі тұрғылықты мекен-жай ретінде солтүстік аймақтарды емес Астана мен Алматы және оңтүстік облыстарды таңдаған. Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, 1991 жылдан 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін 1 млн этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған.

2016 жылы 16,4 мыңнан астам отбасы (33 754 адам), 2017 жылдың 1 тоқсанында 2,6 мың отбасы (4,9 мың адам) келіпті. Бұл ретте 2016 жылы еңбекке жарамды адамдар саны 56 пайызды құраған, 18 жасқа дейінгі балалар – 39 пайыз және зейнеткерлер – 4,7 пайыз.

2017 жылы еңбекке жарамды оралман 67,3 пайыз, зейнеткерлер 6,3 пайыз, 18 жасқа дейінгілер 26,4 пайыз болған. Оралмандар негізінен Қазақстанға Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Түркіменстаннан қоныс аударады.

Қазақстанға келіп орнығамын деген оралмандарға көшіп-қонуға субсияди төленіп, бір жыл бойына баспана жалдауына ақша бөлінеді. 2017 жылы 2,7 мың азаматтың көшіп келуіне субсидия жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз:

14 жастағы қыз анасының сыныптасымен төсектес болып, басын айналдырып алған

Екі мемлекетте заңсыз зейнетақы алып келген әже сотталды

Алматылық кәсіпкер 500 балаға ЭКСПО-ға билет сатып алып берді

Түрмеден босап шыққан Юрий Пакты оқушылары салтанатпен күтіп алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар