Тәуелсіздік күніне орай алматылықтар метрода тегін қатынайды

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан , 2015 16:54

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай алматылықтар метрода тегін қатынайтын болады

photo_81567

Тәуелсіздік күніне орай алматылықтар метрода тегін қатынайды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

«Метрополитен» МКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 желтоқсан күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтары метромен кез келген бағытта тегін жүре алады.  Ал метроның смарт-картасын қолданатындар сол күні кассада тегін жетон алуы тиіс.

-Бұл акцияны ұйымдастыру барысында ең алдымен қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтағымыз келді. Оның үстіне аз уақыттың ішінде еліміз қандай жетістікке жеткенін көрсеткіміз келді, – дейді «АТФБанк» басқарма төрағасы Энтони Эспин.

Аталған акцияға «АТФ банк» демеушілік жасап отыр.
 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар