Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға Өзбекстаннан 600 мыңдай этникалық қазақ қоныс аударған

Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізге Өзбекстаннан тұрақты түрде қоныс ету үшін 589,9 мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келген. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

9978783

Сурет newskaz.ru сайтынан алынды

“1991 жылдан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін тарихи отанына оралып, оралман статусын 261 104 отбасы немесе 957 772 этникалық қазақ иеленген. Бұл жалпы халықтың 5,5 пайызын құрайды”, – делінген хабарламада.

Оралмандардың көпшілігі Өзбекстаннан – 61,6 % адам келген. 14,2% адам Қытайдан, 9,2%-ы Моңғолиядан, 6,8% Түркіменстаннан, 4,6% Ресейден және 3,6% оралман басқа мемлекеттерден қоныс аударған.

“Оралмандардың басым көпшілігі, яғни, 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, Алматы облысына 16,3%, Маңғыстау облысына 13%, Жамбыл облысына 9,4% және басқа аймақтарға 40,1% адам тұрақтаған”, – деп көрсетілген хабарламада.

Келушілердің ішіндегі еңбекке жарамдылары 55,6% көрсеткішті құрайды. Оның ішінде 18-ге дейінгі балалар – 39,9% және зейнеткерлер – 4,5%. Оралмандардың арасындағы еңбекке жарамды адамдардың 8,8% жоғары білімді, 20,6% орта білімді мамандар болса, 60,8% орта біліммен шектелген. Ал 9,8% оралман білім алмаған.

Талқылау