Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Шыңғысханның қабірін тапты

Тәуелсіз журналист Робин Акройд бүгінге дейін белгісіз болып келген моңғол жаулаушысы Шыңғысханның қабірін тапқанын нақтылайды.

журналист

Акройдтың мәлімдемесі оның “Чингис: Святая Гробница, тайное сокровище” – “Genghis: Sacred Tomb, Secret Treasure” жаңа кітабына енді, деп хабарлады британдық Рressgazette газеті 2016 жылғы 29 қаңтардағы нөмірінде.

Акройд құпия қабір солтүстік Моңғолиядағы биік тауда орналасқан деп санайды, сол жерде оның немересі Құбылай да жерленген.

Акройд атпен экспедиция жасаған. Көшпенділер арасында өмір сүріп, аралда саяхаттаған. Ол 70 шақырым жолды еңсерген.

Қорытындысында журналист Шыңғысхан әлемді жаулап алғанына қарамастан, 1227 жылы тамызда қазіргі солтүстік Қытай аумағында қаза тауып, жерлеу үшін Моңғолияға жеткізілген деген тұжырымға келді.

«Шыңғысхан қытай өңіріндегі Ішкі Моңғолияда Ордоста жерленген. Оның белгілі мавзолейі мемориал ғана болып қалады. Бұдан басқа жерленген аймақты урянхайлық деп аталатын тайпа күзеткен. Олар салықтан, әскери қызметтен босатылған. Императорлық қабір күзетінің фактісі ұлы ханды жерлегенді көрген сарбаздар өлтірілді деген болжамды жоққа шығарады», – деп жазды ол өзінің кітабында.

Ежелгі моңғол мәтіндерін аударғаннан және оның зерттеулерінен кейін Акорйд моңғол көсемінің соңғы орны жайлы алдыңғы теория дұрыс емес деген тұжырымға келді. Журналист өз теориясын Моңғолия үкіметі қабылдағанын нақтылады, деп жазады шетелдік БАҚ.


Мемлекеттерді жойып, өзен арнасын бұрып отырған: Ұлы қолбасшы Шыңғысхан туралы қызықты он дерек

Талқылау