Тәуекел ренжімесін: Ақерке Бүркітбай Мүсілімнің сымбаттылығына қызықпайтынын айтты

Жақында Тәуекел Мүсілім басты рөлді сомдаған “Свадьба.кз” атты кезекті комедия көрерменге жол тартты. Отандық киногерлер мен әртістер картинада бой көрсеткен әріптестерін қолдап, тұсаукесерге қатысты. Бір қызығы, нәзік жанды көрермендердің арасында Тәуекелдің сымбаттылығына қызыға қарамайтындар да бар болып шықты.

Тәуекел ренжімесін: Ақерке Бүркітбай Мүсілімнің сымбаттылығына қызықпайтынын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Біздің елде комедия көп, бәрінің сюжеті көп деп қанша айтқанмен, мен өзімізің киноға барғанды ұнатамын. Әр кинода актерлардың бәрі бірдей дегенмен келіспеймін, себебі әр режиссердің көзқарасы әртүрлі. Сондықтан да қалдырмай көремін”, – дейді “Асыл” тобының әншісі Ақерке Бүркітбай.

Ақерке отандық картиналардың бірін де қалдырмай көреді. Актерлардың да ойынын жоғары бағалайды. Алайда еліміздің секс-символы атанған Тәуекелге өзге қыздар ұқсап ғашық емес.

“Тәуекелді бірінші рет 6-7 жыл бұрын көрдім. Шынын айтайын, Тәуекел ренжімесін, көрген кезде “уау” деген жоқпын. Иә сұлу жігіт, бірақ мен үшін бір көрген кезде “уау” дегізетін жігіттің түрі басқаша”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр