Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүслім бейтаныс балаға анасын табуға көмектеспек (видео)

Тәуекел Мүслім өзінің қатысуымен түсірілген “Анамды іздеймін” фильмі туралы айтып берді. Аталған туынды ақпан айының 9-ында көрермендерге жол тартпақ.

15876499_568587116684269_1964292164565336064_n

Фото: instagram.com/vpoiskahmamy/

Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды.

Тәуекел Мүслім 2016 жылы “Анамды іздеймін” атты туындыға түсті. Аталған фильмде ол бейтаныс балаға анасын табуға көмектеседі. Туынды Американың Нью-Йорк қаласында түсірілген.

“Фильмге бізбен қатар көптеген жануар түсті. Олар – жабайы аю, торай, маймыл. Режиссердің айтқанын орындамай бізді біраз әбігерге салды. Әрине, әрбір жануардың иесі біздің қасымызда жүрді, түсірілім жұмыстарына араласты. Бірақ торайға ешнәрсе үйрете алмай қойдық. Ол бар болғаны менің қолымда жатуы тиіс болған. Соның өзі қиынға соқты. Біраз күйзеліске түскен де шығар. Қолыңа ұстап үйрен деп торайды маған берді. Маған көнбейді, шыңғырады, жылайды. Бір кезде қолыма зәрі жағылып кетті. Кетерде онымен қоштасып та үлгермедім. Ол ұйықтап жатты”, – дейді Тәуекел Мүслім.

Мұнымен қатар, актер жуырда шығарған иіссуы туралы айтып берді. Көпшілік ойлағандай, ол Тәуекел Мүслімге тиесілі емес екен.

“Негізі иіссуді мен арнайы шығарып жатқан жоқпын. Мұнымен айналысатын компания бар. Ол компания осы уақытқа дейін шетелдік иіссуларды сатып келді. Енді отандық өнімді шығарып көрмек болған екен. Осы орайда біраз адамға хабарласып, ұсыныс білдірген. Олардың не себепті бұл ұсыныстан бас тартқандарын білмеймін. Кейін бізге қоңырау шалды. Продюсерім Жанна Әбуоваға барлығын түсіндіріп берген екен. Артынша ол менің пікірімді сұрады. Мен “Сіз дұрыс деп тапсаңыз, келісейік” деп қысқа қайырдым. Соны ескере келе  Асылым атты қыздарға, Кемел атты ұлдарға арналған иіссу шығардық. Әлі күнге дейін саудаланып жатыр. Менің аталған иіссулардың сапасына, сатылымына, үлестірілуіне еш қатысым жоқ. Тек өзімнің атымды бердім. Тапсырыс жоғары болғандықтан, сапасы да жақсы шығар деп ойлаймын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт ескі суреттегі Ләйлә Сұлтанқызын танымай қалды (фото)

Айсәуле Бақытбек кәсібилікті сақтамаған журналистерге ашуланды

Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін

Дене қызуы 39 градусқа көтерілген Оразымбетова тікелей эфирде домбырамен ән салды (видео)

Дастан Оразбеков әрбір ата-ананың баласымен бірге жасау тиіс бірнеше істі атады (фото)

Талқылау