Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығымен түскен суреті жалған болып шықты

Осыдан бірнеше ай бұрын Тәуекелдің және онымен түскен қалыңдықтың жүзін жасырып, әлеуметтік желіге фото жүктеген Жан Мұқановтың қулығын Мүсілімнің өзі әшкереледі. Сүрбойдақтың сөзіне сенсек, постердегі қыз актердың сүйгені болмай шықты. Мыңдаған бойжеткенді дүрліктірген продюсер, өзі жетекшілік ететін «Свадьба KZ» атты толықметрлі картинаға Тәуекел арқылы жарнама жасауды көздеген.

Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығымен түскен суреті кезекті пиар болып шықты

Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне сұхбат берген актер мен Жан Мұқанов аруларды алдау операциясын қалай ойластырғандарын айтып берді.

«Постердегі қалыңдық жай модель. Ол фотосессияға арнайы шақырылды. Постер осы фильмге арналып алдын-ала жасалған. Бұл Жан Мұқановтың ойластырған тактикасы. Алғашқыда халықты қызықтырып, соңында осы киноны көрсетпекші», – дейді Тәуекел Мүсілім.

Ғаламторда тараған постерде Тәуекелдің тойы осы жылы 18-ші қазанда деп көрсетілген. Актердың айтуынша, Жан Мұқановтың жұртқа жария қылған жоспары дер кезінде жүзеге аспай қалған көрінеді.

«Постерде той 18-ші қазан деп белгіленген болатын. Алғашқыда фильмнің көрсетілімін сол уақытқа жоспарлаған. Қазір бәрін өзгертті. Желтоқсан айында жарыққа шығады. Ал, менің негізгі, яғни өмірдегі тойым әлі белгісіз. Нақты уақытын шешкен жоқпыз. Келесі жылға қалды. Сүйіктім бар», – дейді Тәуекел.

Мұқанов продюсерлік еткен картинада Мүсілім басты рөлді сомдайды. Тәукелді таңдауына сүрбойдақтың танымалдылығы емес, адамгершілігі басты себеп болса керек.

«Тәуекел бойдақтардың ішінде көп көрініп жүрген, сахнада жүрген ең танымалы ғой. Және де Тәуекел жалпы маған ұнайды. Өзі жақсы жігіт. Тәрбиелі. Қалай сөйлеу керектігін біледі. Біз көп жыл бойы Тәуекел екеуміз бірге жұмыс істеп келе жатырмыз. Неше түрлі жобаларды атқардық. Сондықтан Тәуекелді таңдамағанда кімді таңдаймын?!(күледі)», – дейді Жан Мұқанов.

Мұқанов өткен жылы Төреғалидің бес күндік концертін өткізіп, тіпті үйлену тойын да дүркіретіп ұйымдастырған еді. Бұл жолы да бұрынғы үрдістен жаңылмайтынын жеткізді. Продюсер Тәуекелдің өмірдегі тойында да тікесінен тік тұрып қызмет ететін айтады. Сондай-ақ, актердың көңіл жарастырып жүрген қалыңдығымен де танысып үлгеріпті.

«Тәукелдің тойын жасап беру ойымызда бар. Құдай қаласа оны уақыт көрсетер. Мен оған әрине дайынмын. Тәуекел менің туған інім сияқты. Сондықтан, үйленемін десе, әрине бәріміз жүгіреміз. Өзім нақты жүгіремін. Өте көрікті, көркем мінезді, инабатты қазақтың ару қызы. Алдағы уақытта көрерсіздер. Есімін өзі айтады таяуда», – деп сөзін түйіндеді продюсер.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау