Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім 5 миллион теңгеге жеке бизнесін ашты

Тәуекел Мүсілім бизнес әлеміне қадам басты. Нарыққа келген актер көпшілікті таңғалдырды. Мүсілім 5 миллион теңгесін қайда жұмсады және оның кинодағы мансабы не болмақ?

Тәуекел Мүсілім

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Осыдан бірер күн бұрын Тәуекел жеке бизнесінің тұсауын кесті. Белгілі актер ерлер салонының баламасына айналған “барбер-шоп” ашты. Актер әрі ендігі кәсіпкер жеке кәсібін ашуға бар қажыр-қайратымен қоса, 5 миллион теңгесін жұмсаған.

“Базарға өзім барып, керек-жарақты өзім сатып алдым. Елдер таңғалып жатты. Дегенмен де қызықты болды. Қазір ненің қанша тұратынын, кірпіштің 2 түрге бөлінетінін білемін”, – дейді Тәуекел.

Актер ұтымды маркетингтік тәсілді қолданып, жаңадан ашқан бизнесіне өз есімін берді.

“Өз салонымды жарнамалау үшін арнайы сақалымды да өсіріп алдым. Айқын жарнама деп ойлаймын”, – дейді Тәуекел.

Көп жағдайда танымал тұлғалар белгілі бір ұйымның бренд-амбассадоры қызметін атқарады. Алайда Тәуекелдің жағдайы мүлдем бөлек.

“Барлығын өз ақшама аштым. Сырттан ешкім жоқ, сондықтан да бәрі өзімдікі”, – дейді Тәуекел.
Мүсілім алдағы уақытта Алматы мен Астанадан тағы бірнеше салон ашуды жоспарлап отыр. Тәуекел қосымша бизнесінің киноға кедергі келтірмейтініне сенімді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау