Тәуекел Мүсілімнің орнын басқан жігіт өзін актермен салыстыратындарға жауап берді

Тәуекел Мүсілімді тұлға етіп, елге танытқан Жанна Әбуованың еңбеген ерен. Бұл беделі продюсерді бірі білсе, екінші біреу тіпті танымауы мүмкін. Көпшілік көзінен тасада жүретін азаматша айтулы актермен арадағы жұмысын тоқтатқан болатын.

Тәуекел Мүсілімнің орнын басқан жігіт өзін актермен салыстыратындарға жауап берді

Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Себебі бізге де беймәлім. Бірақ жаңа жобаға кіріскенге ұқсайды.

Ол – “Меломен” тобын халыққа танытып, Нұрлан Әлімжанның өнерін шыңдап, Тәуекелді аяғынан тұрғызды. Бірақ продюсер бұл туралы жер жаҺанға жар салған емес. Халық өнерпаздарға қолдау білдіретін Жанна Әбуова жайлы кейінгі жылдары біле бастаған. Камерадан тасада жүретін продюсер тағы бір талантты көпшілікке танытпақ. Ол 22 жастағы актер әрі әнші Тұрсын Сүлейменов. Продюсерлік орталықта жүргеніне 5 ай болған.

“Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол” дейді қазақта. Сол себепті өзім жігітке жеті өнер де аз деп ойлаймын, жетпіс өнер де аз деп ойлаймын. Қазіргі таңда өзімді көптеген қырымнан сынап жатырмын. Отандық арналардың бірінде үлкен бір жобада басты рөлдердің бірін сомдап жатырмын. Өзіме үлкен сабақ болуда. Тек қана актерлік, жүргізушілік емес, театр актері болсам деген ойым да бар”, – дейді Тұрсын.

Серінің сөзіне сенсек, оның орталығында үлкен өзгерістер мен толықтырулар орын алуда. Алайда өзінен бұрын тер төккен таланттардың ізін бұл сері өкшелей ала ма? Айтпақшы актер жігіт өзін Тәуекел Мүсіліммен салыстыратындарға да жеткізді.

“Жанна Әбу ханыммен жұмыс істеп жатқаныма 4-5 ай болды. Осы уақыт аралығында Жанна ханымнан көп нәрсе үйрендім. Ауызбен аю өлтірмей-ақ қояйын. Ісіммен көрсеткенді жақсы көремін. Мені танитын көпшіліктің бәрі Тәуекел Мүсіліммен салыстырып жатады. Бірақ Тәуекел Мүсілімге ұқсастығым бар деп айта алмаймын, түр-келбет жағынан болмаса”, – дейді актер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар