Тәуекел Мүсілім не себепті Range Rover көлігін продюсеріне қайтарып бергенін түсіндірді

Жұлдызын жағып, өзін шоу-бизнес әлеміне алып келген продюсер Жанна Әбуовамен Тәуекел ат-құйрығын үзіскен болатын. Актер кезінде Әбуова өзіне сыйға тартқан қымбат маркалы Range Rover автокөлігін де экс-басшысына қайтарып берген. “Түнгі студия” бағдарламасына қатысқан Тәуекел мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тәуекел Мүсілім

“Жасым да біразға келді, сондықтан өзім де біраз жұмыс істеп көрейін дедім. Жанна ханымға ойымды айттым, ол кісі мені қолдады. Әрі барша ел біледі, ол кісінің қазір жобасы бар. Ол – Қуандық Рахым. Қолы да тимей кетті”, – деп түсіндірді Тәуекел.

Тәуекелдің айтуынша, Әбуова өз басында жеке көлік болмаса да, кезінде Range Rover-ді оған сыйға тартқан. Сондықтан да актер жігіт әйел адамды жаяу қалдырғаным жарамас, деген ойға келіпті.

“Иә, ол кісі көлік сыйлады. Аллаға шүкір, ондай көлікке де отырдық. Бірақ ол кісінің жеке көлігі болмағаннан кейін қайтарып бергенім жөн деп шештім. Жанна ханым да “өзің көр” деп қарсылық білдірмеді. Жаяу жүрген жоқпыз, барар жеріме жеткізетін көлігім бар. Ал продюсеріммен әлі күнге дейін жақсы араласып тұрамыз”, – деді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Тәуекел Құралай Анарбекованың “Брат или брак” фильмінің екінші бөліміне түсіп жатыр. Мүсілімнің айтуынша, ел көңілінен шыққан туындының жалғасы Алматыда түсірілуде. Көгілдір экраннан түспейтін Тәуекел алдағы фильм де өте қызықты болады деп сендірді.

“Құралайдың ағайындарымен бірге футбол ойнаймыз. Сценарийді барынша ашпай-ақ қояйын, бірақ бір айтарым, бұған дейін отандық кинода мұндай болған емес. Өте қызықты оқиға болады”, – деп қызықтырды Тәуекел.

Фильмнің қашан жарыққа шығатыны әзірге белгісіз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар