Тәуекел Мүслім: Әке тәрбиесін көрмегендіктен, мінезім жұмсақ

Сәрсенбі, 12 Қазан , 2016 11:56

Тәуекел Мүсілімнің ата-анасы оның бала күнінде ажырасып кеткен. Ана мейірімі мен әпке қамқорлығын көрген Тәуекел әкесінен жырақта өскенін айтты.

тауекел

«Ата-анам бала кезімде ажырасып кеткен. Содан бері анамның қолында өскенмін. 9 сыныпта үш ай бойы әкемнің қасында болдым. Жалпы айтатын болсам, ол кісі кәсіпкер, Шымкент қаласының тумасы, өзінің кәсібі бар. Елге сыйлы азамат. Шымкент өңірінің бәрі таниды. Жиын болған кезде ел алдында Мұқағалидің, Абайдың өлеңдерін жатқа оқитын сәттері есімде қалған. Өнерге бір табан жақын болды», – деді Тәуекел КТК арнасының «Басты рөлде» бағдарламасында.

Анасы қос перзентін қатарынан кем қалдырмау үшін күн-түн демей жұмыс істеген. Ал балалардың тәрбиесімен Тәуекелдің туысқан әпкесі айналысқан. Тәуекел әке тәрбиесін көрмегендіктен, мінезінің жұмсақ екенін айтты.

«Мінез көрсететін жерде жұмсақтық танытамын. Әкенің тәрбиесін көрмегендіктен деп ойлаймын. Анам бізді жеткізу үшін күндіз-түні жұмыс істейтін. Қай спортқа барсаң да, өзің біл деп мені шектеген жоқ. Көптеген спорт түрлеріне қатыстым. Таэквондо, футбол, жүзу… Бірақ ешқайсысынан айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген жоқпын. Басында қызығушылық болады, кейін кәсіби деңгейге өтер кезде психологиялық тұрғыдан салмақ түседі. Ондай кезде кез келген ер балаға әкенің қолдауы қажет. Әкемнің тарапынан қолдау болмағаннан кейін әрбір спорттан кетіп қалып отырдым», – деді Тәуекел.

Бала күнінен спортқа әуес болған актер футболшы болуды армандаған. Бүгінде эстрада жұлдыздарымен бірге «Алатау» футбол командасында ойнайтын әнші бала арманына жартылай болса да қол жеткізгеніне дән риза.

Жіберіп алмаңыз: 

Q-POP стиліндегі кезекті бейнебаян тағы елді шулатты (видео)

Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын сындырып алды (фото)

Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік

Төреғалидің «Бір түрлі қыз» бейнебаяны жарық көрді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар