Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүслім ұятсыз көріністері бар телехикаяға түсіп жатыр

Тәуекел Мүслім “Қазақ аруы” телехикаясындағы ұятсыз сахналық көріністердің болатынын айтты.

14718483_1254337891292171_4779688350019747840_n (1)

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Мен ерекше рөл сомдамаймын. Шынайы өмірдегідей жүргізуші боламын. Басты кейіпкер Әсел екеуміздің арамызда қарым-қатынас, сезім болады. Гүлзада небәрі 16 жаста. Ол үшін бұл алғашқы рөл болмақ. Оған кей ыңғайсыз сахналары байқалатын болады. Аса бір жоғары талап қойылмады. Сезімді көрсету, бір-біріне деген махаббаттарын дәлелдеу. Ал жүргізушілікке өзім үйреніп қалдым ғой. Өзім романтикалық актер болған соң, ешбір қиындық болмайды деп ойлаймын.

Бұған дейінгі “Махаббатым жүрегімде” телехикаясының сценарийі осыған ұқсас болған: ғашықтар арасында махаббат пен бір-бірінің арасындағы ұрыс-керіс. Бұл жерде де сол болмақ. Аса айырмашылық жоқ. Ал ыңғайыссыз сахналар туралы қазір айтпай-ақ қояйын. Көрермен өзі телехикаядан көріп, бір шешім шығарсын. Қазір мен олар туралы айтпайын. Әрине, ыңғайыссыз сахна бар. Мен басында қарсы болдым. Дегенмен, бұл жерде режиссердің өзінің көзқарасы. Оған ешқандай қарсылық білдіре алмайсың. Көнуге тура келеді”, – дейді Тәуекел Мүслім.

Мұндай ұятсыз сахналық көріністер кезінде қысылғанын Гүлзада Тұрлаш та жасырмады. Десе де, алғашқы жобасының сәтті болуы үшін барын салған екен. Ол Тәуекел Мүслімнің сүйіктісінің рөлін сомдайды.

“Мен басында дайын болмадым. Өнер жолындағы алғашқы қадамым болғандықтан, өзімді сынағым келді. Сол себепті режиссердің айтқанының барлығын істедім. Әрине қысылған сәттерім болды. Себебі, мен телехикаяға алғаш рет түсіп жатырмын. Бірақ мен бар күшімді саламын”, – дейді Гүлзада Тұрлаш. Тәуекел Мүслімнен өзге телехикаяға Баян Мақсатқызының барлық музыкалық жобалары түседі. Жұлдыз Өмірғали басты кейіпкердің қарсыласын сомдайды екен.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева Вьетнамда Карина Абдуллинаның портретін көріп таңғалды (видео)

Баян Есентаева: Қазіргі 20 жастағы қыздар – нағыз қасқырлар

Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Қарақат Әбілдина бір кездері өзін кемсіткен қыздар туралы айтып берді

Талқылау