Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім Қытайға барып “үйленді” (видео)

Тележүргізуші әрі актер Тәуекел Мүсілім Қытайға барып үйленіпті. Десе де, бұл оның кезекті әзілдерінің бірі болса керек.

13259531_1724820667801520_492717291_n

Фото: instagram.com/mussilim/ (суреттегі әпкесі)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Соңғы кезде жұрт Тәуекел Мүсілімді Ерке Есмаханға қосып жүр. Әншінің өзі де болашақ азаматының кей тұсы Тәуекелге ұқсағанын қалайтынын меңзеген болатын. Бірнеше күн бұрын Тәуекелдің Қытайға барып үйленгендігін дәлелдейтін видео пайда болды. Аталған видеоның әзілге негізделіп түсірілгені бірден байқалады. Десе де, әзірге актердің көрші елге қандай мақсатпен барғаны белгісіз.

“Қытайда үйленіп те үлгердім. Бірақ әйелімді сол жақта қалдырып кетуге мәжбүр болдым”, – дейді Тәуекел Мүсілім. Актердің бұл сөзін Динара Сәтжан да қоштай түсті. “Тәуекелді қытайдың сұлу аруына үйлендірдік. Той Янцзы өзенінің жағасында өтті” деп жазады Динара Сәтжан өзінің инстаграм парақшасында.

Желі қолданушылары да актердің бұл әзіліне жағымды пікір білдіріп жатты. Арасында оны қызғанған бойжеткендер де болды. “Қытай қызын сүйген ем, көптігінен именем, қайын жұртым кеп қалса, симаймын ғой үйге мен дейсіз ғой”, “Сізге қытайдың емес, қазақтың қызы көбірек жарасады”, “Мен сіз үйленіп кетсеңіз, өзімді қалай сезінетінімді білмеймін” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай: Отанымыз бізді керек етпесе, бақытымызды шетелден іздейміз

Қайрат Нұртастың анасы телеэфир тізгінін ұстады

Әнші Ренат Басит қызтекелердің кесірінен желідегі парақшасын өшіріп тастамақ

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында байқау жариялады (фото, видео)

Талқылау