Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім балалы болғысы келетінін мәлімдеді: оған жүздеген қыздар ұсыныс білдірді

Мыңдаған арудың арманына айналған Тәуекел Мүсілім арулардың ойын сан-саққа жүгіртті. 29 жастағы сері отбасын құрып үлгермесе де, балалы болғысы келетінін мәлімдеді. Бұл орайда Тәуекелдің сұранысын орындайтын қыздар да көп болып шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Тәуекел Мүсілім балалы болғысы келетінін мәлімдеді: оған жүздеген қыздар ұсыныс білдірді

“29 жастамын, бойдақпын. Бірақ балалы болғым келеді. Кішкене қисынсыз алгоритм”, – деп жазды Тәуекел Instagram-дағы ресми парақшасында.

Желі оқырмандары, әсіресе қыздар қауымы Тәуекелдің бұл жазбасын қызу талқыға салып, тіпті ыңғайсыз ұсыныстар білдірді.

“Мен де тұрмысқа шыққым келмейді, бірақ сәби сүйгім келеді”, “Менде де тура сондай жағдай. Жасым 29-да, тұрмыста емеспін, бірақ балалы болғым келеді”, “Үйленсеңші енді”, “Менің де құрбым балалы болғысы келеді, Тәуекел”, “Сәлем, мен дайынмын”, – деп ұсыныс-тілектерін білдірді арулар.

Ал өзге қолданушылар Тәуекелді футболшы Роналдумен, ресейлік Тимати, Филипп Киркоров сияқты әртістермен салыстырды.

“Суррогат аналардан көмек сұраңыз”, “Роналду сияқты болыпсыз”, “Тимати не Роналду сияқты әрекет ету керек”, “Үйленбей балалы болғысы келетін Киркоров сияқты екенсіз”, – деп пікір білдірді олар.

Еске сала кетейік, Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығымен бірге түскен суреті жалған болып шыққан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау