Тау көшкінінен соң Көлсай көлдеріне барар жол жаз ортасына дейін жабық болуы мүмкін

Көлсайдағы көшкін ондаған кәсіпкердің жұмысын тұралатып қойды. Жолды басқан таудың кесірінен Ұлттық парктегі демалыс орындары мен туроператорлар қазірдің өзінде қыруар пайдадан қағылған. Тіпті, көрікті Көлсай көлдеріне барар жол  жаз ортасына дейін жабық болады деген болжам бар. Сондықтан, ішкі туризм өкілдері тығырықтан шығар жол іздеп әлек, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тау көшкінінен соң Көлсай көлдеріне барар жол жаз ортасына дейін жабық болуы мүмкін

Сурет: Photo-Deep.com

Күн жылынған бойда, жұрт Көлсайға ағылады. Себебі, көрікті мекен қаладан қатты алыс емес. Ең бастысы, бағасы қолжетімді. Бірақ, биыл сұлу табиғатқа саяхаттауды жоспарлағандар арманда қалып отыр. Ал, Ұлттық парктегі 30-ға жуық демалыс орны мен жұртты тасымалдайтын туроператорлар мол пайдадан қағылуда.

«Былтыр осындай уақытта Көлсайға аптасына 200 адамға дейін апаратынбыз. Биылғы маусымға да әбден дайындалып едік. Мына көшкін демалыс орындарына да, бізге де үлкен шығын әкеліп отыр», – дейді туристік компания директоры Артем Чай.

Көлсайдағы демалыс орындары қаңырап бос қалған. Тосын жағдай тығырыққа тіреген ішкі туризм өкілдері болса, демалушылар үшін басқа балама іздеп, бас қатыруда. Алайда, өзге жерлердің инфрақұрылымы Көлсайдікіндей дамымапты. Болжам бойынша, Ұлттық паркке барар жол жаз ортасына дейін жабық болады. Шенеуніктер мәселенің шешімін табу үшін басқа жол салу мәселесін қарастыруда.

«Қазір бұл жағдай жан-жақты қаралып жатыр. Оқиға орнында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Егер мамандар мақұлдаса, тау етегіне екі көпір салынады. Жаңа автокөлік жолы да пайда болуы мүмкін», – дейді Кеген ауданы автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің маманы Бек Әбдіманов.

Оның құрылысына қаржы төтенше жағдайларға арналған қордан бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл жеткіліксіз болса, бюджеттен қаралмақ. Әлі де пысықталып жатқанына қарағанда, жаңа жолдың құрылысы ұзаққа созылатын сыңайлы. Оның үстіне, көшкін қаупі әлі сейілмеген. Бүгін сырғыманың қозғалысы тоқтағанымен, бұлтты аспан құтқарушыларды аяқтан тік тұрғызды. Нөсер жаңбырдан таудың қайта жылжу қаупі жоғары.

«Қазір ауданда аспанды бұлт торлап, жауын-шашын күтілуде. Дегенмен, елдімекендерге еш қауіп жоқ. Жедел-оперативті штабтың жұмысы өз кезеңімен жалғасуда. Жағдай жіті бақылауда», – дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Облыста ертең де жауын жаууы ықтимал. Тіпті, синоптиктер күшті жел тұрады деп отыр. Ал, опырылған таудың қалған бөлігі босап тұр. Оның қашан құлайтынын ешкім білмейді. Тау тағы көшсе, төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысы қиындай түспек. Өйткені, қазірдің өзінде опырылған жердің көлемі 50 миллион текше метрді құраған.

Оқи отырыңыз:

Атыраулық ер адам 2 миллион теңгенің уылдырығын «көшеден тауып алған»

Семейде ер адам WhatsApp желісі арқылы порно видео таратқаны үшін сотталды

Сағадиев медициналық университеттен қуылған 117 студент жайлы пікір білдірді

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар