Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Татуласқысы келіп, ұлын ұрлап кеткен: Қостанай облысында 4 жасар баланы өлтіру оқиғасының мән-жайы

Қостанай облысында туған баласын өлтірген және артынша өзіне салған әкенің бұрын сотталғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері Жітіқарадағы қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу кезінде анықталған кейбір мәліметтерді жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі alau.kz-ке сілтеп.

Татуласқысы келіп, ұлын ұрлап кеткен: Қостанай облысында 4 жасар баланы өлтіру оқиғасының мән-жайы

14 қыркүйекте Денисов ІІБ-не 31 жастағы Глебовка кентінің тұрғынынан хабарлама түсті. Ол 44 жастағы ер адамның жеке үйге заңсыз кіріп, 4 жасар ұлын ұрлап кеткенін хабарлады. Ішкі істер басқармасының қызметкерлерінің айтуынша, дабыл қағылып ауылдың айналасы, орман мен егістік алқабтарына тексеру жүргізілді. Алайда, баласын ұрған әкені таба алмады.

«Ер адам аймақты жақсы білгендіктен іздеу жұмыстары қиын болды. Ол баламен бірге далада жасырынып жүрді. Ер адам тіпті баламен далада түнеген. Көлігінің жанармайы таусылған соң Жітіқарадағы танысының үйіне жаяу барған», – деді Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Алайда, әкесі мен баласын паналатқан адам 16 қыркүйек күні таңертең балық аулауға кетіп қалды. Полицияның айтуынша, үй иесі оларды өздерінің сұраулары бойынша үйде қамап кеткен.

Бірақ, ол үйге келгенде баланың денесі мен қансырап жатқан күдікіні тапты. Тергеушілер қылмыс жасаған ер адамның соңғы уақытта Астанада тұрғанын анықтады. Ал, ол Глебовкаға баласы дүниеге келкеннен кейін айырлысып кеткен әйелімен татуласып, отбасымен біріктіру үшін келген.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында ер адамның 4 жасар ұлын өлтіріп, өзіне қол салғанын хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау