Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тату” тобының бұрынғы әншісі қатерлі ісіктен қалай айыққаны туралы айтты

“Тату” дуэтінің бұрынғы әншісі Юлия Волкина қалқанша безі рагын бастан өткергені туралы айтты. Әнші ауруы жайлы Оксана Пушкинаның “Зеркало для героя” бағдарламасында айтты.

pic_0a901cb56435e92bfd267cdef5435384

Сурет РИА Новости

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Оған операция жасап жатқан кезде дыбыстық жүйке талшығына зиян келген.

“Мен наркоздан соң көзімді ашқан соң сөйлейін десем, дауысым шықпайды. Бұл менің өмірімдегі ең бір қиын сәт болды”, – дейді Волкова.

Әнші диагноз туралы 2012 жылы білмесе де ешкімге айтпаған. Ол операцияны Германияда жасатқысы келіпті. Одан соң да екі операция жасатқанына қарамастан дауысы қалпына келмеген. Тек Сеулде қабылдаған емнен кейін барып сөйлеген.

Волкова өзінің жеке жолын 2009 жылы продюсер Борис Ренскимен ұрысып қалған соң бастаған. Ол бірнеше әндер жазып, «Ты и я» және «Zомби каникулы 3D» атты екі киноға да түсті.

“Тату” – халықаралық деңгейде танылған ресейлік поп-топ. Дуэт 1999 жылы құрылған кезде мүшелері Юлия Волкова мен Лена Катинаның жастары небәрі 14-15-те ғана болатын. Олардың әндері АҚШ, Ресей, Австралия, Ұлыбритания, Германия және өзге де елдердің хит-шерулерінде көш бастады.

Талқылау