Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәтті ауыздың дәмін кетірмей": Еркін Нұржанов "Жігіттер" тобынан неге кеткенін ашық айтты

Еркін Нұржанов "Жігіттер" квартетінен неге кеткенін ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бір кездері талантымен танылып, "Жігіттер" квартетінің жарық жұлдызы болған Еркін Нұржанов бүгінде сахнадан алыстап, туған жерінде жүр. Талай туындысы тыңдарман жүрегінен орын алған әнші топтан неге кеткенін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

"Достықты сағынамын. Бірге жүрген күндерді сағынамын. Жігіттермен ешқашан сөзге келіп, келіспеушілік болған емес. Басшылықпен сөзіміз бір жерден шықпай қалды. Содан "Тәтті ауыздың дәмін кетірмей" деген сөз бар ғой. Топтан кетуді жөн санадым", - дейді Еркін Нұржанов.

Талқылау