Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Татар қызы-2016» байқауының финалында қазақстандық ару бақ сынайды

3 қыркүйекте Челябіде халықаралық «Татар қызы-2016» байқауының финалдық кезеңі өтеді. Байқауға Қазақстан атынан 22 жастағы ақтөбелік Эльвира Насибуллина есімді ару қатысады.

20160831010037

Эльвира Насибуллина байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алған арулардың бірі. Ол Ақтөбе облысының ҚХА бөлімінде жұмыс істейді, жоғары білімі бар. Халық биі мен аспаздық өнерге әуес.

Челябі облысының татарлары конгресінің хабарлауынша, финалда РФ-ның 22 облысынан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдер: Латвия, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен қатысушылар бақ сынайды.

Байқаудың бас жүлдесі – жеңіл көлік. Сондай-ақ, жеңімпазға арнайы тәж сыйланады.

Жіберіп алмаңыз:

Хирург жігіт пен студент қыз сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды

Жәнел Садуақас «Новая волна» байқауында үшінші орынды ұтты (видео)

“Әлем сұлтаны-2016” байқауында үндістандық жігіт жеңіс жетті (фото, видео)

Мұсылмандықты қабылдаған «әлем аруы» Дубайға көшіп келді

Талқылау