Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел ұжымдық отырыста селфи жасаймын деп көз жұмды

Алматы облысындағы Қаскелең өзенінен 35 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Тастың үстінде селфи жасамақ болған: Алматы облысында әйел суға батып кетті

Сурет: ҚР ІІД ТЖК

Оқиға 16 шілдеде кешкі сағат 21:00 шамасында «Нұрлы тау» демалыс орталығының аумағында орын алған. Сол күні компаниялардың бірі демалыс аумағында ұжымдық мерекені атап өтіп жатқан. Куәгерлердің сөзінше, әйел суретке түсу үшін тастың үстіне шыққан. Алайда осы кезде суға құлап кетіпті.

«Іздеу жұмыстары 3 сағатқа созылды. Денесі оқиға орнынан алыс жерден табылды. Өзен суының ағысы қатты болғандықтан және қараңғы түсіп кеткендіктен, іздеу шаралары қиындады. Әйелдің денесі суда жиналып қалған қоқыс пен бұтақтардың арасынан табылды», – дейді құтқарушы-мейірбике Екатерина Клочко.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау