Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан елшісі Тасмағамбетов Мәскеуде күмбезі киіз үй іспетті жаңа кеңседе отырады

Бүгін Мәскеудегі Чистопрудный бульварында орналасқан  Қазақстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды.

Фото: Ресейдегі Қазақстан елшілігі

Ғимаратты жөндеу жұмыстары небәрі 4 жарым айда аяқталған. Үш қабатты заманауи ғимараттың шатыры киіз үйдің шаңырағы іспетті, деп хабарлайды елшіліктің сайты.

Дипломаттардың жаңа үйі сән-салтанатымен, кеңдігімен және қауіпсіздігімен ерекшеленеді.

Сайттың хабарлауынша, бұдан былай Ресейдегі Қазақстанның бас ғимараты соңғы үлгідегі стандарттарға сәйкес келеді.

Айта кетсек, қазір Ресейдегі Қазақстан елшілігін Иманғали Тасмағамбетов басқарып отыр.

Тағы да оқыңыз:

Ер адам қателікпен сотталып түрмеде 46 жыл отырған

БҚО-да 12 жастағы қыз бала босанып алды

 

Талқылау