Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкенттің мыңдаған тұрғыны Кәрімовпен қоштасу үшін көшеге шықты (фото, видео)

Өзбекстан астанасының бірнеше мың тұрғыны Ислам Каримовтың денесін әуежайға алып өтетін қаланың орталық көшелерінің бойына шықты.

тошкент

Еске сала кетсек,  ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған  еді. Ислам Каримовты бүгін Самаркан қаласына жерлейді.

Бүгін таңертең Ташкенттің орталық көшелерінің екі жағына қолдарына гүл ұстаған қала тұрғындары тізілді. Қозғалыс бөлігіне жақын тұсқа екі қатар полиция қызметкерлері қойылған. Көрші көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылған. Сондай-ақ, қалада пойыздардың жүру кестесі де өзгертілген.

Фейсбукте Мурад Назаров атты пайдаланушы осы жерден ұялы телефонына түсірілген видео жариялады. Онда мемлекет басшысының денесін Самарқанд қаласына алып ұшатын ұшаққа алып бара жатқан көліктер кортежін күтіп алған мыңдаған өзбекстандықтарды көруге болады.

тошкент4

тошкент2

тошкент3

өз9

өз1

өз2

өз3

өз4

өз5

өз6

өз7

өз8

 

Талқылау