Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентте көз жұмған үш қыздың өлімі: Дәріхана сатушысы дәрігердің жазуын түсінбей, басқа дәрі беріп жіберген

Ташкентте 8 қараша күні бір отбасының үш қызы жеті жасар Муниса, алты жасар Мухлиса және төрт жасар Мохира уланып қайтыс болғаны мәлімденген еді, –  деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Қыздардың ең кішісі ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Қалған екеуі де бірінен кейін бірі қаза тапқан.

Сот-медицина сараптамасы нәтижесі бойынша, қыздар дәрі-дәрмектен уланып қайтыс болған.

Анықталғандай, қыздарға паразиттерге қарсы «Вермокс» дәрісі тағайындалған. Алайда дәріханада фармацевт дәрігердің жазуын түсінбегендіктен, «Верапамил» аталатын дәрі беріп жіберген. Бұл дәрі жүрек соғысында ауытқу пайда болғанда немесе гипертониялық күрт асқыну жағдайында қабылдауға арналған екен.

Нәтижесінде аталған дәріні қабылдаған қыздар кардиогендік шок алған.

Аталған дерек бойынша Олмазар ауданының прокуратурасы «Адам өліміне әкеліп, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету немесе тауар өндіру, сақтау,  тасымалдау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Ташкентте қараша айының басында бір отбасының үш қызы бірден қайтыс болғаны хабарланған еді. Куәгерлер олардың езілген кәуап жегенін айтқан. Тергеушілер қыздардың өлімінің шынайы себебін табуға тырысқан.

Оқи отырыңыз:

200-ден астам құрбан: Мысырдағы мешітте болған жарылыстың видеосы пайда болды (видео)

Атышулы “Қалаулым” шоуының қатысушылары тікелей эфирде отбасын құрды (видео)

Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

Әнші Інжудің егіз қызы Роза Рымбаеваны ерекше өнерімен тәнті етті (фото)

Талқылау