Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тас тиіп, көзі күйген: Нұр-Сұлтанда митинг кезінде 3 полицей жарақат алды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен митинг барысында үш полицей жарақат алды. Бұл туралы ОСК-да өткен брифинг барысында ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

"Нұр-Сұлтан қаласында шерудің бейбіт өтуі туралы айтқан қоғамға қарсы қозғалыстардың мүшелері тас лақтырып, қолға түскен затпен ұрып, көзді ашытатын балон қолданып жатыр. Осы әрекеттер салдарынан үш полиция қызметкері жарақат алды. Екеуі тас тиіп жарақат алса, үшіншісінің көзі балон қолдану салдарынан күйді", - дед Қожаев. 

Оның айтуынша, мұндай әрекеттерге барғандар қылмыстық кодекске сәйкес жазаланатын болады. 

"Полицейлерге қатысты сенімді түрде барлық шараның заң аясында жүзеге асқанын, тәртіп сақшыларының барынша әдептілік танытқанын айта аламын. Ұстау барысында арнайы құрылғылар қолданылған жоқ. Полицейлер тарапынан зиян шеккендер, тіпті, өлім құшқандар туралы ақпарат шықдыққа жанаспайды", - деді Марат Қожаев. 

Сондай-ақ, ол дауыс берудің тыныш өткеніне тоқталды. 

"9903 сайлау пунктісінде қоғамдық тәртіпті бұзу орын алған жоқ", - деді бірінші орынбасар. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қожаев 500-ге жуық адамның ұсталғанын хабарлаған еді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр