Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Азиада ойындарының қорытынды күні. Біздің отандас спортшыларымыз ойын көрсетуді кеше аяқтаған, сондықтан бүгінгі ойын нәтижелері медальдік есепте Қазақстанның қорытынды орнына еш әсер етпейді, деп хабарлайды Stan.kz  Sportinform агенттігіне сілтеме жасап.

Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық атлеттер жалпы есепте тоғызыншы орынға жайғасты.

Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

Айта кетсек, бұрын соңды Қазақстан әрдайым Азия мемлекеттерінің үздік бестігіне ілініп жүрген. Алайда биылғы Азиада-2018 ойындары қоржынымызға түскен алтын (15) мен күміс (17) медальдарының саны бойынша Қазақстан үшін ең сәтсіз болды. Тек қола жүлде бойынша отандастарымыз өз рекордын 44 медальмен орната алды.

Медальдік есептің үштігіне Қытай, Жапония және Корея мемлекеттері кірді. Төртінші орынға ойындар өтіп жатқан Индонезия елі орналасса, көршілес Өзбекстан бестікті аяқтады.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық ватерполшылар ақтық кезеңде алтын жүлдеге ие болып, Азиада ойындарында қатарынан үшінші рет чемпион атанған болатын. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау