Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихта алғаш рет: Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды

16-18 қараша аралығында Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан әлем чемпионаты өтті. Додада отандасымыз Олжас Оразалыұлы қарсыласына шақ келтірмей, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

 Олжас Оразалыұлы

60 келі салмақ дәрежесінде белдескен  Олжас Оразалыұлы 18 жасында әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсекеде спортшы испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді.

Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак  Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ORAZALYULY OLZHAS (@olzhas60)

Айта кетейік, бұл алтын парадзюдодан ел тарихындағы алғашқы алтын жүлде. Осылайша еліміз 42 мемлекет, 267 дзюдоист қатысқан дүбірлі додада командалық есепте 1 алтынмен 10 орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 7 балуан қорғады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау