Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәрбиелі, қызықты болып көрінген": Медеудегі дәретханада зорланған қыздың оқиғасының мән-жайы айтылды

Алматыда Медеу мұз айдынының маңындағы дәретханада зорланған қыздың оқиғасының мән-жайы белгілі болды. Бүгінде күдікті тұтқындалған. Ол үйленген, балалары бар екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тәрбиелі, қызықты болып көрінген": Медеудегі дәретханада зорланған қыздың оқиғасының мән-жайы айтылды

Еске сала кетсек, наурыз айында Алматыдағы Медеу мұз айдынының маңындағы дәретханада 16 жастағы қыздың зорланғанын хабарлаған едік. Оқиға полиция бөлішмесінің мұрнының астында орын алған. 

Немолчиkz ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook желісінде оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның айтуынша, сол күні 16 жастағы қыз құрбыларымен ұрысып қалып, кетіп қалған. Алайда ақшасы мен телефонын ұмытып кетіпті. Біраз алыстап кеткеннен кейін, ақшасыхз ешқайда кете алмайтынын түсінген. Сол кезде көлікпен кетіп бара жатқан ер адам тоқтап, жеткізіп салатынын айтыпты.

«Жолай олар әңгімелесіп, ер адам тәрбиелі әрі қызықты болып көрінген. Оны қызықтырған. Үйге жеткеннен кейін, жақын танысу үшін ертесі күні Медеуге баруды ұсыныпты. Өз кезегінде қыз келіскен», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Ертесі күні ер адам қызды алып кетіп, Медеу мұз айдынына алып барған. Артынша ол мұз айдынның маңындағы дәмханада тамақтануды ұсыныпты. 

«Мұз айдындағы ақылы дәретхана – таза әрі кең. Жалғыз кемшілігі – оның ерлер мен әйелдерге ортақтығы. Ерлер мен әйелдер тек жеке кабиналармен бөлінген. Сондықтан қызметкер ер адамның әйелдердің кабинасына кіріп кеткенін байқамай қалуы мүмкін. ... Ол (қыз – ред.) дәретханаға шығып кеткен. Ер адам соңынан барған. Қыз оны тап береді деп ойламапты. Бәрі аяқ астынан болған. Қыз кабинадан шығып келе жатқанда, ол қайтадан итеріп кіргізіп, тұншықтыра бастаған. Ол тұншығып, қырылдай бастағанда жіберіп, қайтадан тұншықтыруға кіріседі. Артынша оның шалбарын шешкен. Романтикалық кездесу әлемге әйгілі Медеу мұз айдынындағы зорлықпен аяқталды», - дейді ұйымның жетекшісі. 

Дина Таңсәрінің сөзінше, оқиға полиция бөлімшесінің мұрнының астында орын алған. Алайда ешкім ештеңе естімепті. Себебі ер адам қызға күш көрсетіп, қауқарсыз күйге түсірген. Артынша ол ештеңе болмағандай шығып кетіп, полиция бөлімшесінің маңында шылым шеккен, дейді ол. 

«Ол (қыз – ред) артынан шығып, жылап, айқайлап, өзінің зорланғанын айтқан. Полиция шақырылып, іс қозғалды», - дейді Таңсәрі. 

Оның сөзінше, бүгінде сараптама қорытындысы шығып, артынша тергеуші ер адамды тұтқындауға санкция беріпті. 

«Ал қазір ол 3 жылдан 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл лайықты мерзім бе? Ол 1988 жылғы, үйленген және балалары бар. Бірнеше рет сотталған және салдарынан қорықпастан ашықтан-ашық жас қызға тап беріп, қоғамдық орында зорлады. Өзінің жазаланбайтынына сенімді болды», - дейді Дина Таңсәрі.

Ұйым жетекшісінің сөзінше, бүгінде полиция мен прокуратура істі ашып, ер адамды тұтқындаған. 

Талқылау