Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белсенділер иттің терісін сыпырып, денесін мазақ еткен қатыгезді жазалауды талап етуде

Әлеуметтік желіде терісі сыпырылып, отырған күйінде қатырылып қойылған иттің суреті жарияланып, бұл қолданушылардың үлкен ашуын туғызды.

7474

Онда бұл істі істеген тараздық жігіт екені айтылған. Узя Бактыбай есімді интернет қолданушысы иттің терісін тірідей сыпырып алып, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап қойған. Оның суретін мына сілтемеден көруге болады.

Сурет «ОФ «Новый Шанс» еріктілерінің де назарын аударған.

Сурет астына қалдырылған пікірлерде автор мен иттің иесі өз парақшаларын өшіріп тастағаны айтылады. Ал өшірер алдында олар иттің мәйітін өзара келек етіп, күлкіге айналдырған. Қолданушылардың барлығы дерлік мұны істеген жігітті қатаң түрде жазалау керектігін жарыса айтып жатыр.

Олар иттің тырнақтарын және көкірек бөлігін кесіп алып, тістерін де түгел сыпырған және терісінен ажыратып тастаған. Енді еліміздегі жануарларды қорғау ұйымы да бұл іске белсене кірісіп, ақырына дейін баруға ниет танытып отыр.

Жануарға жауыздық жасаған жігітті Таразда іздеу басталып кетті. Жамбыл облыстық ІІД хабарлауынша іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Талқылау