Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Тараз тұрғыны көлігімен қаланың орталық көшесімен қатты жылдамдықпен жүйткіген бойда, жол жиегіндегі бірнеше машинаны соққан,- деп хабарлайды Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Құдай сақтағанда ажал құшқандарыжоқ. Ал, оқиғаға себепкер болған азамат жеңіл жарақат алыпты. Көлік бірден өртеніп кетті.

Жақын маңдағы түнгі клубтан шыққан бір топ жігіт жүргізушіні салоннан әзер шығарған. Ал лапылдап жаған машинаны мамандар келіп сөндірді.

Көліктердің бірінің үстіне бірі шығып кетуіне қарағанда соққы жойқын болса керек.

Апатқа кінәлі азаматтың ішімдік ішпегені анықталды. Болжам бойынша, ол машинасының доңғалағы жарылып, рөлге ие бола алмай қалған.

Талқылау