Тараздық студент ұшты-күйлі жоғалуының себебін түсіндірді

Сейсенбі, 15 Наурыз , 2016 22:53

Жұмбақ жағдайда жоғалған Тараз политехникалық колледжінің студенті Алматыдан табылды. 19 жастағы Виктор Прокопенко үйіне аман-есен оралды.

f8502e9d6ff6bc8314ebcb02fc55c4d4_L

Бұл туралы 31.kz хабарлайды.

Виктор Прокопенко наурыздың екісінде үйінен колледжге шығып, содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Әке-шешесі дабыл қаққан соң тәртіп сақшылары іздеу салған болатын. Оның Алматы көшелерінің бірінде серуендеп жүргенін  бейнебақылау камерасы анықтап беріпті. Студент осы күнге дейін базарда жалданып жұмыс істеп, далада түнеген. Өзі үйден кетуін жеке өмір бастағысы келгенімен түсіндіреді. Ал түр-әлпеті іздеудегі суреті арқылы жарты әлемге танылғанымен, қазір бет-жүзін көрсетуге қымсынып отыр.

Әке-шешем қаржыдан қатты қиналып жүрді. Жұмыс істеп, ақша тауып соларға көмек бергім келді. Оқуым да нашарлап кетті. Сосын үйден кетуге бел будым. Қалтамда ақшам жоқ, әйтеуір қайырымды жандар жолда қалдырмады. Бірақ, маған іздеу салынғанын білмедім. Енді бұл қылығымнан ұялып отырмын”, – дейді колледж студенті Виктор Прокопенко.

Естеріңізде болса, осыған дейін Виктор Прокопенконың жоғалғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар