Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық сауатты көлік жүргізушісі өзіне салған айыппұлдан құтылып кетті

Әкімшілік заңдылықтарды білуі мен өжеттігінің арқасында тараздық көлік жүргізушісі өз атына жазылғалы тұрған айыппұлдан аман қалды.

20160929001344

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Мерседес-Бенц көлігін тізгіндеген жүргізушіні Тараз көшелерінің бірінде полицей тоқтатады. Жол сақшысы жүргізуші А-ға бұрылыс кезінде КамАЗ-ға жол бермедің деген айып тағады. “Мерседес” жүргізушісінің айтуынша, КамАЗ жәй жылдамдықпен алыс жерде келе жатқан. Сол себепті оны күтпестен бұрылған. Дегенмен, жол полицейі оған айыппұл жазып береді.

Бұған келіспеген Тараз тұрғыны заңды қарап, нәтижесінде хаттама толтыру кезінде полицейдің өзі қателескенін байқайды.

А шағым түсірген Тараздағы мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы Думан Мәуленов мәселені қарай келе екі тарапты ңда уәжі дұрыс деген пікірге келеді.

“Жүргізуші расында қарсы келе жатқан көлікті жібермеген. Бейнежазбада бұл жағдай анық көрінеді. Алайда сол уақытта полицей хаттама толтыру кезінде қателік жібереді. Ол аталмыш құжатты құқық бұзушыға таныстырмаған”, – деді Мәуленов.

Нәтижесінде жүргізушіге салынған айыппұл күшін жойып, әкімшілік іс жабылды.

Оқи отырыңыз: 
Талқылау