Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық полицейлер көмір иісіне уланған бір отбасын ажалдан арашалап қалды

Таразда полиция қызметкерлері бір отбасын өлім аузынан аман алып қалды. Олар көмірдің иісіне уланып қалған күйеуі мен әйелін үйден әрең алып шықты. Бұл оқиға таңертең орын алған. Жедел жәрдем қызметіне түсініксіз біртүрлі қоңырау келіп түскен. Телефон соққан ер адам үзілейін деген даусымен көмек сұрап, хабарласып үлгерген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Тараздық полицейлер көмір иісіне уланған бір отбасын ажалдан арашалап қалды

Ер адам хабарласқан мекен-жайға дәрігерлер мен полиция қызметкерлері келгенде, оларға ешкім есік ашпады. Үйден тек созылыңқы ыңқыл ғана естілді. Саяжай тұрғындарына не болғаны, ыстау пештен мұрынға улы газдың иісі келген кезде белгілі болды.

Көмекке келген полицейлер мен дәрігерлер үйге кіргенде 52 жастағы адамда әлі де тіршілік белгілері болды. Жедел жәрдем шақырып, көмек сұрағанда сол азамат еді. Бірақ, оның 50 жастағы әйелі қатты уланып, ештеңені сезбеді. Дегенмен, қазір олардың өміріне қауіп жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау