Тараздық өрт сөндірушілер қоқыстан жаңа туылған сәбидің мәйітін тауып алды

Тараздық өрт сөндірушілер қоқыстан сәбидің денесін тауып алды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпаратттық агенттігі хабарлайды.

Олар контейнерлердің жанындағы өртті сөндіріп жатып, баланы тауып алған. Оның тірі емес екені бірден белігілі болды. Ендігі кезекте полиция сәбидің анасын іздестіруде.

Көпқабатты үйдің тұрғындары өртті байқап, көмекке мамандарды шақырған. Баланың жансыз денесі жанып кеткен жапырақтардың арасында жатты.

Жалпы, өрт шықпай тұрып, шамамен жарты сағат бұрын адамдар контейнерлердің жанынан екі қызды көрген. Қазір полиция жаңа туылған сәбидің неден қайтыс болғанын, қоқысты кім өртегенін және баланың анасы қайда жасырынғанын анықтауы тиіс.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр