Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық екі жас тойларында жетім балаларды лимузинмен қыдыртты (фото)

Таразда  ЖД- 158/7 колониясының қызметкері өзінің тойынада тек туысары, жақын достарын ғана емес балалар үйінің тәрбиеленушілерін де қонақ қылды. Бұл туралы өңірлік  қылмыстық-атқару департаментіндегілер хабарлаған.

тоййййй

Бұл туралы Қазақпарат жазған.

Әділет пен Диляраның үйлену тойы басқалармен салыстырғанда қайырымдылығымен ерекшеленді. Жастар ата-анасы бас тартқан мүгедек балалардың үйіне сыйлықтарымен барған. Балалар қос ғашықтың үлкен торты мен ойыншықтарын көргенде қуаныштан көздері жанып, оларға шын ниетпен бақыт тіледі. Үлкендердің сыйлығы мен қуанышына ортақтасқан балалар  өз кезегінде тойы болып жатқан жастарға ән арнап, өлең оқып берді.

той

Шара соңында балалар жас жұбайлармен бірге лимузинге отырып қаланы айналған.

Әділет бұған дейін жетім балаларды қуантуды ойлап жүрген екен. Тура тойы болған кезде осы бір арманын қалыңдығына айтқан. Келіншек күйеуінің ұсынысын қуана мақұлдағанын айтады.

Талқылау