Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық азамат: Әйелімді бір рет ұрып, одан екеуміз де сабақ алдық

Күйеуінің  аттап басқан әрбір қадамын аңдып, не істеп, не қойғаны жөнінде есеп алып отыратын әйелдер аз емес.

44da872470d1e2caeeb00b3b64677b5b

Осылай жасау арқылы әйелдер күйеуін өзіне бағынышты етіп аламыз деп ойласа керек. Күйеуінің телефонына дамылсыз қоңырау соғып, қайда жүргенін, не істеп жатқанын сұрай беретін әйелдерге жұбайым екеуміздің арамызда болған бір оқиғаны айтып бергім келеді, деген отбасылы азаматтың әңгімесін Замана газеті жазды.

Екеуміз үйленген кезде менің тұрақты  жұмысым жоқ еді. Тұңғышымыз дүниеге келгенше ата-анаммен бірге тұрдық. Кейде ұсақ-түйек жұмыстар шығып, тиын-тебен тапқан боламын. Кей күндері ол да жоқ. Үйде бізден бөлек екі інім мен қарындасым бар. Бірде бар, бірде жоқ қоңырқай тіршілігіміз жайлы әйелім шешесіне айтқан болса керек,  қайын жұртқа қыдырып барғанымызда енем: «Сенің жұмысың да жоқ екен, қызымызды қалай асырамақсың? Жұмысқа кіріп алмай тұрып үйленуге неге асықтың?» – деп тиісті. Оның сөзі маған өтіп кетті. Ауылға келген бойда әйелімді үйде қалдырдым да, қыстың суығына қарамастан Астанаға жұмыс іздеп кеттім. Сөйтіп бір құрылыс фирмасына жұмысқа тұрып, жалақымды ауылдағы ата-анама жіберіп тұрдым. Ал ол кісілер бір тиынына да тиіспестен жинап, бас-аяғы бір жылдың ішінде ауылдан үй сатып әперді де біздің  еншімізді беріп бөлек шығарды.

Ауылда жұмыс жоқ, бұрынғысынша Астанаға кетіп үш-төрт ай, кейде жарты жылға дейін үй бетін көрмей жұмыс  істеймін. Әйтеуір әйелім мен балаларыма ештеңеден таршылық көрсетпеу ғой менің ойым. Ал әйелім мені қаладан қызық іздеп жүр деп ойлайтын болса керек, жиі-жиі қоңырау шалып не істеп, не қойып жатқанымды сұрай береді. Күні бойы ауыр жұмыстан еңсеміз езіліп, кеш батысымен шаршап құлаймыз. Ал ол түн ішінде қоңырау соғып не істеп жатқанымды сұрайтын. Шаршап тұрғанымды, ұйықтауым керектігін айтсам, ол: «Қасыңда біреуің бар ма? Менімен сөйлескің де келмейтін болған ба?»  – деп ашуыма тиеді. Қасымда болса, жағынан тартып жіберіп, сабасына түсіріп қояр ма едім. Алыста болғасын ештеңе істей алмай амалым әбден құрыды. Оның  орынсыз қызғанышы мені тойдырып жіберді.

Жұмысым бітіп, ауылға келдім. Әке-шешем менің денсаулығыма қатты алаңдайтын. Олар: «Сыртта аз жүрген жоқсың. Осы уақытқа дейін жиып-тергеніңе жеңіл көлік ал да, ауыл мен қала арасына қатынайтын «таксист» болсайшы» – деп кеңес берді. Олардың айтқанын мен де жөн көрдім. Бірақ әйелімнің ызыңы мұнымен де біте қоймады. Бұрын «алыстасың» деп тиіссе, енді «кеш қайтасың» деп миымды ашытатынды шығарды. Ақырында әйелімнің кезекті бір «тергеуі» кезінде ашуымды ұстай алмай, оған жұдырық жұмсап жібергенімді білмей қалдым. Жазым болса қиын екен, оның соңы әйелімнің денсаулығына зақым келіп, ауруханаға түсуімен аяқталды. Емделуіне де біраз қаражат кетті. Бірақ осы оқиға екеумізге де сабақ болды. Содан кейін ол менің қайда, не істеп жүргенімді сұрап, мазамды алмайтын  болды. Ал мен қайтып қол көтермейтін болдым. Мұны мен мақтаныш көрмеймін. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін ренжітпей-ақ, артық сөз шығындамай, қас-қабақтан түсініскендеріне не жетсін? Тек айтайын дегенім, күйеуім ұрып-соғады дейтін әйелдер, бір ауық өздерінің де мінез-құлықтарына, сөйлеген сөздеріне есеп беріп қойса екен деймін.

Тағы да оқыңыз:

Жылан туралы жұмбақ сурет желі қолданушыларын әуреге салды

Белгілі қари құран оқып отырған сәтте өмірден өтті (видео)

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Талқылау