Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздық апалы-сіңлілі қыздар төсін жалаңаштаған Шырынға жауап берді (видео)

Желі арқылы Шырын Нарчаеваны көп адам біліп қалды. Осы орайда қазақ әшекейімен төсін жалаңаштаған қызға жауап берушілер табылды.

Сурет желіде тез тарап, қолданушылардың талқысына түсті. Оны қазақ мәдениетіне кір келтірді деп айыптады. Шырынды мазақтап пародия салғандар да табылды.

Шырынның хайпы арқылы тараздық апалы-сіңлілі қыздар да жұлдызға айналды. 18 жастағы Аружан мен 16 жастағы Мерей Шырынға жазған жауап ролигі арқылы елдің сүйіспеншілігіне бөленді. Олар ұлттық киім киіп, әшекей бұйымдармен ажарлана түскен.

“Қазақ қызының ұлттық әшекейі мен киімі осындай болу керек”, – деп жазылған роликте.

Желі қолданушылары екі қызды “қазақ қызының сұлулық символы” деп атады.

Талқылау