Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы жылуға жауапты мекемелер қысқа дайын болмай шықыты

«Тараз Транс Энерго» АҚ-на қарасты Аппасов көшесіндегі №30 көп қабатты үй жылусыз отыр. Бұл туралы 77news.kz хабарлады.

Фото: 77news.kz

Тұрғындар осы күнге дейін тоңып отырғандарын айтып, «Тараз Транс Энерго» компаниясына наразылықтарын білдірді.

Көп қабатты үйдің тұрғыны Николай Свириденконың айтуынша, бұл жылда қайталанатын жағдай екен. Қатты аяз кезінде тоқ қосуға мәжбүр боламыз. Ал ол қалтамызды қағады,-дейді ашулы тұрғын.

Бөлме ішіндегі ауа температурасы 18 градустан төмен болмауы тиіс. Алайда, мұндағы үйлердегі жағдай мүлдем басқаша. Тұрғындардың айтуынша, жылудың дұрыс жетпеуінің бір ғана себебі бар. Жөндеу жұмыстары кезінде орнатылған арнайы құрылғы қажетті жылуды жеткізе алмайды.

Мәселенің мән-жайына «Жеке пәтер иелерінің қауымдастығы» өкілдері жауап берді. «Толқын Тараз» ЖПБ төрағасының айтуынша, құбырларды ауыстыру керек екен. Мұнда жүздік өлшемдегі құбырлардың орнына жетпіс алтылық жылу арналары тұр екен.

Кооператив төрағасы Сайлаубек Мадияров бұл іске «Тараз Транс Энерго» жылу беретін мекемесі кінәлі деп есептейді. Ал олар: «Бастысы бұл үйлерге жылу беріліп жатыр. Ал, кей пәтерлерде жылу болмауы біздің ісіміз емес. Басқа алпыс үйде жылу бар, екі үй жылусыз отыр деп жөндеу жұмысын жасамаймыз»,- дегенді алға тартты.

Сонда жылу жетпеген үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарын өз қалталарынан төлемек пе? Олар онсызда ай сайынғы төлемді үздіксіз төлеп отыр емес пе? Жылуға жаримыз деп берген ақшалары желге кеткені ме? Бұл — жаны қысылған жұрттың жауапсыз сұрақтары. Бұқараның базынасына жауаптылар бас ауыртпаса әкімдікке барып байбалам салуға бел байлап отыр.

Тағы оқыңыз: 

Ресейлік телеарналар Қазақстан аумағында хабар тарататын болды

Алматы тұрғыны үш күнде телефон байланысы үшін 48 мың теңге жұмсаған

Денесін күйік шалған бала қамқоршыларының көмегімен Астанада емделетін болды

Талқылау