Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараздағы жарылыс: Куәгерлер адамдарды үйінді астынан қалай алып шыққандарын айтты

Бүгін Таразда болған  жарылыс салдарынан 3 адам  қаза тапқан еді. Түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген 6 адам ем алып жатыр. Газ құбырындағы ақаудан болған жарылыстың мән жайын анықтау үшін үкіметтің арнайы комиссиясы құрылып, тексеру жұмыстарын бастап кеткен еді. Үйінді астында қалған адамдарды қалай шығарып алғандығы жайлы куәгерлер айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

 

Тараздағы жарылыс: Оқиға куәгерлері адамдарды үйінді астынан қалай алып шыққандарын айтты

«Жарылыс қатты болды. Шошып оянып кеттік. Үш бала болып кірдік. Бетон адамды басып қалған ғой. Бетонды көтеріп, әйелді шығардық. Одан кейін еркек адамды шығардық. Ер адам сол жерде қайтыс болып кеткен»,-дейді оқиға куәгері Аңсар Дәулетов,

Түрлі жарақат алған алты тұрғын ауруханаға жеткізілген. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Денесінің 50 пайызы күйген 64 жастағы ер адам күйік бөлімінде жатса, 14 жастағы жасөспірімінің басына қатты зақым келген.

«15 жастағы бала келіп түсті. Бала ауыр жағдайда. Ашық бас ми жарақаты бар. Балаға консилиум жасалып, қазіргі таңда ота жүргізіліп жатыр»,-деп мәлімдеме жасады Жамбыл облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азат Сәтжанов.

Тараздағы жарылыс: Оқиға куәгерлері адамдарды үйінді астынан қалай алып шыққандарын айтты

70 жыл бұрын салынған 90 пәтерлі көпқабатты үйдің 15 пәтеріне зақым келген. Оның алтауы тұруға мүлдем жарамсыз. Себебі, ғимараттың негізгі қабырғалары бүлінген. Нысанды қалпына келтіру жайы да оңай болмайтын тәрізді. Болжам бойынша жарылыс екінші қабаттағы пәтердің бірінде болған. Оған газ құбырындағы ақау себеп. Қазір бұл оқиғаның жай-жапсарын мамандар анықтап жатыр.

Ал төтенше жағдайға қатысты шеккендердің жайымен танысуға премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің өзі келді.

«Көмек көрсетіледі. Басқа кісілерге тұратын жер беріледі. Кешке дейін бәрі орналастырылады. Кісілердің көбі туыстартына кетті. Басқалары дайын үй бар сонда баратын болады. Қазір арнайы штаб құрылып, жапа шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр»,- деді премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Жарылыс кезінде қайтыс болған бір әйел мен екі ер азаматтың отбасына облыстық бюджеттен 1 млн. теңгеден қаржылай көмек беріледі.

Естеріңізге сала кетейік бүгін Тараз қаласының 9-ықшам ауданында 5 қабатты үйден жарылыс шыққандығын хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр